Бүгін: 29.11.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

№6 және №2 жалпы білім беретін мектептерде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазанда жариялаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған мақсат-міндеттер мен басым бағыттар айтылды.

Іс-шараларға Саран қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Г. Туртбаева, Саран қаласының Мансап орталығының маманы Г. Смагулова, «Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің статистика бөлімінің маманы А. Сагатова мен білім беру саласының өкілдері қатысты.

Кездесуде Жолдаудың негізгі бағыттарына, сондай-ақ, денсаулықты сақтау, білім беру, құрылыс салаларына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланып, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері мен жұмыспен қамту бойынша ақпарат берілді.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА